Қазақ қыздарына тіл тигізген стримерлерге ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша іс қозғалды

0
184

Бұған дейін олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.


Қазақ қыздарына тіл тигізген стримерлерге ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша іс қозғалды

фото: staya_drift

ERNUR.KZ. Қазақ қыздарын қорлаған ресейлік стримерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің мәліметінше, Ресей азаматтары Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы – ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша іс тіркелген.

Бұған дейін олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментіне арызды белсенді Диас Құзаиров түсірген. Ол стримерлерді ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Белсендінің айтуынша, аталған блогерлер бұған дейін де Қазақстан аумағында осындай әрекеттерге барған, алайда оларға қатысты тиісті құқықтық шаралар қолданылмаған.