Қазақ қыздарына үйленген шетел азаматтарына салық салу ұсынылды

0
1 747

Шетелдіктерден заңды түрде ақшалай «қалың мал» талап ету мемлекетке берілген өтемақы болмақ


Қазақ қыздарына үйленген шетел азаматтарына салық салу ұсынылды

ERNUR.KZ. Белгілі заңгер, адвокат Абзал Құспан жасаған бұл ұсыныс әлеуметтік желіде қызу талқыға салынды, деп жазады altaynews.

Адвокат қазақ қыздарының шетел азаматтарына көптеп тұрмысқа шығып, басқа мемлекетке кетіп жатқанына алаңдаулы. Ол мұндай шетелдік күйеу балаларға салық салуды ұсынады. Ұсыныстың негізгі идеясы ұлттық сәйкестікті сақтап қалуға бағытталған екен.

Яғни, қазақтың қызына үйленер алдында шетелдік азаматтар мемлекеттік қазынасына ақша төлеуге міндеттелеттін болады.

"Білімі жоғары, сауаты ашық қыздарымыздың басқа елге кетуі еліміздің экономикасы үшін де үлкен шығын болып табылады. Сондықтан шетелдіктерден заңды түрде ақшалай «қалың мал» талап ету мемлекетке берілген өтемақы болмақ," – дейді Абзал Құспан.

Айта кетсек, ел арасында бұл ұсынысты қолдаушылардың қатары артып келеді.