Ол маркетинг бөліміне жұмысқа қабылданған.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Қазақстандық жастардың жетістіктері әлемдік деңгейде танылып келеді. Солардың бірі – Павлодар қаласының тумасы Альбина Бунеску, ол жақында Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубының маркетинг бөліміне ресми түрде жұмысқа орналасты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышпен бөлісті.
Тәуекел мен еңбек – жетістікке жол
Альбина Бунеску «Реал Мадрид» секілді әлемдік деңгейдегі клубқа жұмысқа орналасу үшін оңай жолмен келмегенін айтады.
Ол Астана қаласында жылжымайтын мүлік пен шетелде білім алу саласындағы тәжірибелерінен кейін батыл шешім қабылдап, Мадридтегі жоғары оқу орнына түседі. Осылайша, клубта тәжірибеден өту мүмкіндігін пайдаланып, нәтижесінде әйгілі клубпен еңбек келісімшартын жасасқан.
«Мен өз арманыма сендім» – Альбинаның үндеуі
Қазіргі уақытта Альбина клубтың маркетинг департаментінде қызмет атқарады. Өз жетістігін ол арманына сенудің және табанды еңбектің нәтижесі деп санайды.
«Мен өз арманыма сендім. Енді өзгелерге де шекара жоқ екенін көрсеткім келеді», – деп жазды Альбина Бунеску.