Спортшы бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
instagram.com/kartanbay
ERNUR.KZ. Қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбай Канаданың Toronto Metropolitan University университетіндегі TMU Bold әйелдер құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Спортшы бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
“ Керемет жаңалығымды бөліскім келеді. Солтүстік Америкадағы беделді университеттердің біріне қызметке орналастым! Қазақстаннан шыққан қарапайым хоккейші ретінде мен үшін бұл – алға жасалған үлкен қадам. Бұл – NCAA, USport секілді элиталық университеттік лигаларға және одан да биік деңгейге бастайтын жол “, – деп жазды Булбул Қартанбай
Университет туралы
Toronto Metropolitan University (TMU) – Канаданың Торонто қаласының орталығында орналасқан ірі мемлекеттік зерттеу университеті. Оқу орны бұрын Райерсон университеті деп аталған. 2022 жылы университеттің атауы Toronto Metropolitan University болып өзгертілді.
Университет 1948 жылы құрылған. Білім беру жүйесінде тәжірибеге, инновацияға және студенттердің кәсіби дамуына басымдық береді.
Бұлбұл Қартанбай
Бұлбұл Қартанбай Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол хоккеймен 13 жасынан бастап айналыса бастаған. 18 жасында Қазақстанның ересектер құрамасында дебют жасады.
Спортшы хоккейден әлем чемпионатының бес турниріне қатысып, Қазақстанның «Томирис» және «Айсұлу» командаларында өнер көрсеткен.
2019 жылы ол «Metropolitan Riveters» клубымен келісімшартқа отырып, Солтүстік Американың Ұлттық әйелдер хоккей лигасында ойнаған алғашқы қазақстандық атанды.
Кәсіби спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін Бұлбұл Қартанбай бапкерлік қызметке бет бұрды.


