Халықаралық олимпиада қортындысы бойынша 5 қатысушы алтын медаль, 8 қатысушы күміс, 15 қатысушы қола медаль иеленді.
ERNUR.KZ. Атырауда қазақ тілі мен әдебиетінен өткен халықаралық олимпиадаға алты мемлекеттен 62 оқушы келді, - деп жазады tengrinews.kz.
Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты болды. Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Иран, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 62 оқушы ана тілдерінен білімдерін сынға салды. Жүлдегерлерге облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов марапаттарын тапсырды.
Халықаралық олимпиада қортындысы бойынша 5 қатысушы алтын медаль, 8 қатысушы күміс, 15 қатысушы қола медаль иеленді.
"Балалар түрлі аталымдар бойынша да марапатталды. Үздік көрсеткіш көрсеткендерге Қазақстандағы ЖОО-да тегін оқуға сертификаттар, ректор гранттары берілді", - дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.
Олимпиада қортындысы бойынша барлық балалар ана тіліне деген құрметтері үшін түрлі сыйлықтарға ие болды. Айта кетейік, марапаттардың көпшілігін Өзбекстан Республикасынан келген этникалық қазақтар жеңіп алды.