"Қазақмыс" фабрикасында жұмысшы қаза тапты

0
1 264

Жезқазғанда "Қазақмыс" компаниясының байытушы фабрикасы аумағында 21 ақпан күні жиырма төрт жастағы жұмысшы ажал құшты,-деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


фото:Sputnik

Жезқазғанда "Қазақмыс" компаниясының байытушы фабрикасы аумағында 21 ақпан күні жиырма төрт жастағы жұмысшы ажал құшты,-деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға орталық қоймадан материалдар жеткізу кезінде болған.

"1994 жылы туған жұмысшы станция гаражына кабель оралған барабанды дөңгелетіп апара жатқанда жарақат алды", — деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

Алғашқы жәрдем көрсетілген соң зардап шегушіні Жезқазған медицина орталығына жеткізіпті. Алайда жас жігіт операциядан кейін көз жұмған.

Болған жайтты тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.