«Қазақмыс» компаниясының кенішінде екі адам қаза тапты

0
1 323

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


«Қазақмыс» компаниясының кенішінде екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. «Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген компанияның хабарламасында.

Осыдан бір апта бұрын «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде жазатайым жағдайда қайтыс болған еді.