«Қазақмыстың» Жезқазғандағы шахтасында бір адам қаза тапты

0
621

Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.


«Қазақмыстың» Жезқазғандағы шахтасында бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. «Қазақмыс» компаниясының Шығыс-Жезқазған кенішінің №57 шахтасында бір адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері ауыр жарақат алып, салдарынан көз жұмған. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада.