Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді

0
2 365

Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылған.


Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі, деп жазады inform.kz.

Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылған.
«Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведмоствоның атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражаты талап етілмейді. Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.