Дубайға рейстер Airbus A321 ұшақтарымен орындалады.
фото: Пресс-служба АО "Самрук-Казына"
ERNUR.KZ. Дубайға әуе рейстері Пәкістан арқылы ұшады, деп жазады sputnik.kz.
Air Astana бірте-бірте Біріккен Араб Әмірліктеріне әуе қатынасын қалпына келтіріп жатыр. Дубайға рейстер Airbus A321 ұшақтарымен Пәкістан арқылы орындалады.
Алматы - Дубай
15-21 маусым — аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі)
22-28 маусым — аптасына 4 рейс (бейсенбі, жексенбі)
29 маусым – 5 шілде — аптасына 6 рейс (сейсенбіден басқа күндері)
6 шілдеден бастап — күн сайын
Астана - Дубай
10-19 шілде - аптасына 3 рейс (жұма, жексенбі)
20-26 шілде — аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, жексенбі)
27 шілде - 2 тамыз - аптасына 5 рейс (дүйсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері)
3 тамыздан бастап — күн сайын
Еске сала кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты бұл бағыттағы әуе рейстері төрт рет тоқтатылып, кейінге шегерілген болатын.


