Қаулы 2021 жылдың 13 мамырында күшіне енді.
ERNUR.KZ. Заңнамадағы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Жарлығына өзгерістер енгізіліп отыр.
Өзгерістің бірінші бөлігі Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия мүшелерінің мәселені дауысқа салу тәртібіне қатысты.
«Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді», - деп жаңа құжаттың мәтінінде. Ал бұрын комиссияның шешіміне отырысқа қатысқандардың бәрі қол қоятын.
Қазақстан азаматтығынан айыруға қатысты тармақтар да өзгертілді.
Бұдан былай ішкі істер органдары:
- Республиканың мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік үкімет және басқару органдарына орналасқан адамдарды;
- ҚР азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну арқылы алынса;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
- Адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
- ҚР азаматтығын алуына негіз болған ҚР азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса;
- Қазақстан азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
- Шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатысушыларды ҚР азаматтығынан айыра алады.
Қазақстаннын тыс жердегі тұлғалардың осыған ұқсас себептер бойынша азаматтығынан айырылу мәліметтерін елшіліктер тіркейді.
Қаулы 2021 жылдың 13 мамырында күшіне енді.