Қазақстан ажырасу бойынша нөмірі бірінші елге айналуы мүмкін

0
1 930

«Жаңа ұрпақ» мектебінің басшысы Асхат Абжанов заманауи отбасыларда қандай проблемалар бар екеніне тоқталып өтті.


Қазақстан ажырасу бойынша нөмірі бірінші елге айналуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесінде айтылды, деп жазады baq.kz.

«Жаңа ұрпақ» мектебінің басшысы Асхат Абжанов заманауи отбасыларда қандай проблемалар бар екеніне тоқталып өтті.

Ең алдымен біз тап болған мәселелердің бірі – ажырасу. Біз кездесетін балалар жылап, ажырасудың басты себебі баланың сабақты жақсы оқымай, өзін тәрбиесіз ұстауында деп ойлайды. Осындай ойлардан кейін балада «травма» (жара) пайда болады, - деді спикер.

Сөзінше, 2022 жылға дейін Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде 7-орында тұрған болатын.

БҰҰ-ның дерегіне сәйкес, 2022 жылы біз әлемде 2-орынға шықтық. Яғни Қазақстан ажырасу бойынша әлемде 2-орында. Егер осылай жалғаса берсе, онда еліміз бірнеше жылдан кейін әлемде ажырасу бойынша нөмірі бірінші елге айналуы мүмкін, - деді коуч.

Асхат Әбжанов еліміз жасөспірімдер арасында суицид көрсеткіші бойынша да алдыңғы қатарлы үштікте екенімізді қоса кетті.

Бұл біздің отбасымызда бәрі дұрыс емес екенін көрсетіп отыр. Суицид, ажырасу, отбасылық зорлық-зомбылық қазақтілді де, орыстілді де отбасыда болады, - деп айтты Асхат Әбжанов.