Қазақстан азық-түлікке мұқтаж әлем елдеріне көмектесуді жалғастыра береді

0
472

Қазақстан он жылдан бері "Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына" мүше елдерге миллиондаған тонна бидай мен ұн жеткізіп отыр.


Қазақстан азық-түлікке мұқтаж әлем елдеріне көмектесуді жалғастыра береді

иллюстрациялық фото

Падемияға байланысты Қазақстан мұқтаж елдерге азық-түлік жеткізуді жалғастыратын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Пандемияның кесірінен жыл соңына қарай жер бетінде екі жүз жетпіс миллион адам аштықтың зардабын тартады. Әсіресе геосаяси жағдайы тұрақсыз Таяу Шығыс пен Оңтүстік Африка елдері азық-түліктен тарығуы әбден мүмкін. Осылай мәлімдеген

Қазақстан он жылдан бері "Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына" мүше елдерге миллиондаған тонна бидай мен ұн жеткізіп отыр. Төрт жыл бұрын осы ұйымға мүше мемлекеттерде тұратын алпыс төрт миллионнан астам адам аштықтың зардабын тартқан еді. Тамақ тапшылығынан келетін жыл сайынғы шығын - алпыс жеті миллиард доллар.

Азық-түлік дағдарысы биыл тағы да қайталануы мүмкін. Өйткені, онсыз да көкөніс пен дәнді-дақыл өспейтін мемлекеттерде карантиндік шектеулердің кесірінен тамақ өнеркәсібі тұралап қалған. Ал, саяси қақтығыс жиі болатын Ауғанстан, Конго, Ливия, Йемен секілді елдердің экономикасы жыл сайын құлдырап барады.

Азықтан тарықпау үшін не істейміз дегенді талқылаған ұйым мүшелері екі мың отыз бірінші жылға дейінгі стратегиялық жоспарларды бекітті.