Ресей жалдап отырған әскери полигондарға – 9 млрд 217,9 млн теңге ақы төлейді.
ERNUR.KZ. Қайта қаралған биылғы бюджет жобасында Ресей «Байқоңыр» кешенiн жалға алғаны үшін биыл 52 млрд 143,5 млн теңге төлеуі тиіс деп бекітілген, деп жазады Zakon.kz.
Ресей жалдап отырған әскери полигондарға – 9 млрд 217,9 млн теңге ақы төлейді.
Мамандар бұл шешім теңге бағамының АҚШ долларына шаққанда өзгеруіне қатысты қабылданғанын айтты.
Жалпы, ел арасындағы мәміле бойынша ғарыш айлағы кешенін қолданғаны үшін Мәскеу жыл сайын республикамызға 116 млн доллар төлеп тұрады. Ал, әскери полигондарды қолданғаны үшін 20 млн доллардан астам қаржы төлеуге міндеттелген.