Бұл мәселені ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар жөніндегі Кеңесі енгізді.
ERNUR.KZ. Алматыда ТМД сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысында қауымдастықтың еріктілер форумын құру бастамасы көтерілді, деп жазады sputnik.kz.
ТМД еріктілер форумын құру мәселесін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар жөніндегі Кеңесі енгізді. Мұндай бастаманы мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова мәлімдеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"2024 жылы ТМД-да Волонтерлер қозғалысы жылын өткізу, осындай форумды құрудың жоғары сұранысы мен уақтылығын көрсетті, сондай-ақ біздің елдеріміз арасындағы тиімді мәдениетаралық өзара іс-қимылдың нақты құралы ретінде волонтерліктің елеулі әлеуетін айқын көрсетті" - деді Айзада Құрманова.
Форум тәжірибе алмасуға, еріктілер қозғалысын дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жылсайынғы іс-шараға айналады деп болжануда. Бұл алаңды ТМД елдері кезекпен ұйымдастырады.
Қазақстан волонтерлік қызмет саласында халықаралық іс-шараларды өткізуде айтарлықтай тәжірибеге ие.