Қазақстан беделді туристік марапатқа ие болды

0
141

Іс-шараға әлемнің 110 елінен 15 мың делегат қатысты.


Қазақстан беделді туристік марапатқа ие болды

ERNUR.KZ. Uzakrota Travel Awards халықаралық сыйлығы Kazakh Tourism компаниясымен қатар Сауд Арабиясы, БАӘ, Сербия, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Тайланд және Ирландия мемлекеттерінің өкілдеріне елдің халықаралық туристік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін табысталды, деп жазады baq.kz.

Туристік индустриядағы маңызды шаралардың бірі Uzakrota Travel Summit 2024 халықаралық саммиті Ыстамбұлда өтті. Оның барысында туризм саласындағы нәтижелерге сәйкес 40 аталым бойынша марапаттар табысталды.

Жеңімпаздар сарапшылардың және кең аудиторияның пікірі негізінде анықталды. Қазақстан Uzakrota Travel Awards сыйлын алғаш рет иеленіп отыр, - деді «Қазақтуризм» ҰК баспасөз қызметі.

Іс-шараға әлемнің 110 елінен 15 мың делегат қатысты. Kazakh Tourism саммитке қатысушыларға Қазақстанның туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

2025 жылы Қазақстан халықаралық EMITT туристік көрмесіне қатысады. Оның арқасында Түркиямен және басқа елдермен туристік байланыстарды нығайту жоспарланып отыр. Түркия - ТМД елдерін есепке алмағанда, Қазақстанға келетін туристер саны бойынша екінші орында.

30 күнге дейінгі визасыз режим және қос мемлекет арасындағы тұрақты тікелей рейстер келушілер қатарының артуына ықпал етеді.

Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізге келген түрік туристерінің саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артты.

Атап өткен жөн, биыл халықаралық Lonely Planet баспасы «Best in Travel» рейтингінде Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға болатын ең үздік елдердің бірі ретінде анықтады.