Қазақстан бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

0
634

Елдің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады.


Қазақстан бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Еліміздің тек батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстанның барлық өңіріне тұман көрініс тауып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал"."
Қазгидромет" РМК


Сонымен қатар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Астана

24 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9°C, күндіз: +2+4°C.

25 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0-2°C, күндіз: +5+7°C.

26 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2-4°C, күндіз: +7+9°C.


Алматы

24 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, жел болмайды. Ауа температурасы түнде: +3+ 5°C, күндіз: +14+16°C.

25 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5+7°C, күндіз: +18+ 20°C.

26 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5+7°C, күндіз: +18+20°C.


Шымкент

24 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, жел болмайды. Ауа температурасы түнде: +5+7°C, күндіз: +18+20°C.

25 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +7+9°C, күндіз: +21+23°C.

26 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +8+10°C, күндіз: +22+24°C.


Бөлісу