Қазақстан бойынша онкологиямен ауырған 14 науқас коронавирустан көз жұмған

0
743

Онкология институты 20-шы шілдеден бері науқастарды қабылдауда


Қазақстан бойынша онкологиямен ауырған 14 науқас коронавирустан көз жұмған

ERNUR.KZ. Елімізде коронавирус басталғалы онкологиямен ауыратын 178 науқас COVID-19 инфекциясын жұқтырып, олардың 14-і пневмониядан көз жұмған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Республика бойынша онкологиямен ауыратын 178 науқас коронавирус инфекциясымен тіркелді, олардың 14-і аталған дерт салдарынан көз жұмды. Осы жылдың 20-шы шілдесінен бастап барлық онкология мекемелерінің стационары, амбулаториясы мен кеңес беру бөлімдері қалыпты режимде жұмысын бастады. Бізге консультацияға келу үшін ПТР-тест, жалпы қан анализі, биоанализ, гепатит, ЖТС-тест, сондай-ақ, электрокардиограмма, өкпе рентгенінің кескіндері қажет. Тексерістердің бәрін өздеріңіз тіркеуде тұрған ауруханадан тегін өте аласыздар», - деді бас онколог.

Диляра Қайдарова ПТР-тест нәтижесі оң болып шыққан науқастарды онкологиялық мекемелер ешқандай ем шарасын жүргізе алмайтындықтан, қабылдамай жатыр деді.

«ПТР анализі оң нәтиже көрсеткен науқастарды біз қабылдамаймыз. Себебі, КВИ кезінде науқастың ағзасы химиотерапия, сәулелі терапия және тағы басқа да ауыр емдерді қабылдауға дайын болмайды. Науқас орташа және ауыр жағдайда КВИ-мен ауырған күнде де, біз науқасты сәулелі ем, химиялық терапиямен емдей алмаймыз. Бұл ДДСҰ бекіткен ережесі. Науқастарға ота жасардың алдында біз компыютерлі томографияға түсіреміз. Себебі, кейбір науқастардың ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетіп тұрғанымен, кейіннен пневмония анықталып жатқан жағдайлар бар», - деді ол.

Бас онколог қазіргі таңда барлық аймақта науқастарға тиісті дәрілер жеткізіліп жатқанын айтып, «СҚ-Фармацияда» «Унифос» және «Замета» дәрілері ғана болмай тұр деді.