Қазақстан емханаларында алдағы жылдары жаңа қызмет іске қосылады

0
134

​Емханаларда пациенттерді қабылдау мен медициналық қызметке жазуды үйлестіретін бірыңғай қызмет құрылады.


Қазақстан емханаларында алдағы жылдары жаңа қызмет іске қосылады

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында медициналық қызметтерге жазылудың цифрлық арналарын дамыту және жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру мақсатында министрлік Қазақстан Республикасында 2026–2028 жылдарға арналған МСАК жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспар аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың тіркеу бөлімдері мен байланыс орталықтары негізінде пациенттерді бірыңғай бағыттау қызметін құру көзделген. Бұл қызмет азаматтардың өтініштерін бастапқы бағалауды, медициналық көмек алудың оңтайлы бағытын анықтауды, қажетті қызметке жазуды және пациенттерге ақпарат беруді қамтамасыз етеді, – деп жазылған жауапта.