Күршімде күз ішінде қарға батып қалған бес адам атақты Илон Масктың назарына ілікті

0
122

​Оқиға қазанда болған.


Күршімде күз ішінде қарға батып қалған бес адам атақты Илон Масктың назарына ілікті

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған бес адамды құтқару операциясы америкалық миллиардер Илон Макстың назарын аударды. Ол оқиға туралы жазбаны әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Starlink адам өмірін құтқарады» деп жазды ол.

Жазбада жолаушылардың Қыстау-Күршім ауылынан шамамен 15 шақырым жерде көлігі бұзылып қалғаны айтылған. Бұл аумақта мобильді байланыс болмағандықтан, олар Starlink арқылы құтқарушыларға хабар беріп, көмек сұраған.

«Құтқарушылар Starlink арқылы адамдардың қайда екенін анықтаған. Олар арнайы техникамен 100 шақырым жүріп, бес адамды аман-есен ауылға жеткізді. Шалғай аймақтарда Starlink адам өмірін сақтап қалатын маңызды технологияға айналуы мүмкін», - делінген жазбада.

Айта кетсек, қазанның аяғында ТЖМ қарлы боран кезінде далада қалған 5 адамды тауып, Қыстау Күршім ауылына жеткізгені туралы хабарлама таратқан еді.

Илон Масктың SpaceX компаниясының спутниктік интернет жүйесі – Starlink арқылы ұялы байланыс желісі тартылмаған шалғай аймақтарда интернетке қосылуға болады. Ол Қазақстанда былтырғы 13 маусымнан бері жұмыс істейді.