Қазақстан Иранда жүк терминалын салады – Жұманғарин

0
124

Вице-премьер жобаның 15 гектар аумаққа жоспарланғанын және жеке қордан қаржыландыратынын нақтылады.


Қазақстан Иранда жүк терминалын салады – Жұманғарин

фото: Пресс-служба правительства Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстан Иран портында жүктерді ауыстырып тиеу терминалын салады, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, деп жазады sputnik.kz.
Иран республикаға Шахид-Раджаи портында (Бандар Аббас) жер бөледі. Ол Ормуз бұғазының солтүстік жағалауында орналасқан.

Вице-премьер жобаның 15 гектар аумаққа жоспарланғанын және жеке қордан қаржыландыратынын нақтылады.
"Менің білуімше, қазір келісімнің соңғы кезеңі жүріп жатыр", - деп қосты ол.
Терминал Қазақстанға тауар экспортын кеңейтуге мүмкіндік бермек.
"Бұл Қазақстанның мұхитқа – Үндістанға, Шығыс Африкаға, Парсы шығанағының өзіне және Оңтүстік-Шығыс Азияға тікелей шығуын қамтамасыз етеді. Мақсат – осы", - деп түсіндірді журналистерге Серік Жұманғарин.
2025 жылдың қорытындысы бойынша "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі 12 пайызға өсіп, 3,5 миллион тоннаны құрады. Екі ел арасындағы теміржол жүк тасымалы 69%-ке өсті.
Қазақстан мен Иран көлік инфрақұрылымын жаңғыртудың бірлескен жол картасын әзірлеуге келісті. Осы шаралар кешенін жүзеге асыру дәліздің өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін арттырады.
Иран тарапы Қазақстанға Шахид-Раджаи портында (Бандар Аббас) жер телімін беру жөніндегі уағдаластықтардың аяқталғанын хабарлады. Қажетті рәсімдер аяқталған соң жер учаскесі Қазақстанға беріледі.