Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

0
400

Еңбек министрлігі тиісті өзгерісті ашық талқылауға шығарған.


Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

фото: gov4c.kz

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару мәселелерін реттеу саласындағы қолданыстағы құжатқа түзетулер әзірледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Түзетудегі басты өзгерістердің бірі – енді қоныс аударушылар қоныстану аумағынан тыс жерлерде жұмыс істей алмайды.

Сонымен қатар, қандастар мен қоныс аударғандарды қабылдайтын өңірлік квота жүйесін, оларға мемлекет төлейтін қаражатты 2025 жылғы наурыздан бастап автоматтандыру жоспарланып отырғаны белгілі болды.