2025 жылғы шешімге сәйкес Қазақстан Республикасының компания алдында ешқандай міндеттемелері жоқ.
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 28 ақпанында «World Wide Minerals» канадалық уран компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы талап қоюы бойынша 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан дау нәтижесінде Лондонның Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы үшін оң шешім шығарды, ол бойынша Республика талапкерлерге шамамен 65 млн АҚШ долларын төлеуге тиіс болатын 2024 жылы қабылданған шешімнің күші жойылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Ол компанияның талап-арыздары ҚР Үкіметінің 1997 жылы уран экспортына лицензия беруден бас тартып, Тың тау-кен химия комбинатын (Қазіргі Степногор тау-кенхимия комбинаты) сенімгерлік басқару келісімшартын бұзғанына негізделгенін еске салды.
2025 жылғы шешімге сәйкес Қазақстан Республикасының компания алдында ешқандай міндеттемелері жоқ.
«Ағылшын сотында шағымдану стандарттары өте жоғары екенін және осы негіздегі даулардың 2% - дан кемі сәтті аяқталатынын атап өткен жөн. Осылайша, ҚР Әділет министрлігінің, мемлекеттік органдар және ҚР Үкіметінің консультантының үйлесімді жұмысының арқасында айтарлықтай бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай - ақ елдегі инвестициялық ахуалдың тартымдылығын және Қазақстан Республикасының одан тыс жерлердегі имиджін сақтауға мүмкіндік туды», - деп қорытындылады спикер.