Грузияның Поти портында Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызды бөлігі саналатын бірінші қазақстандық мультимодальды терминал жұмысын бастады.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Нысан Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия әрі қарай Еуропа елдерін жалғайтын Орта дәліздің бөлігіне айналды, деп жазады inbusiness.kz.
Ашылу рәсімі Қазақстан, Грузия, Әзербайжан елдерінен өкілдер қатысты.
"Poti Transterminal" АҚ бас директоры Олжас Арықбаевтың сөзінше, терминал экология, өрт қауіпсіздігі мен инженерлік қауіпсіздік бойынша Грузия заңнамаларының талаптарына сәйкес болды. Нысанға заманауи жабдықтар орнатылған. Олар: австриялық ричтакерлер мен сағатына 25 конейнер өңдейтін қытайлық крандар.
Терминалдың өткізу қабілеті бірінші кезеңде жылына 120 мың тоннаны құрайды. Болашақта бұл ауқым кеңеюі мүмкін.
ҚР Көлік министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілеповтің айтуынша, терминалдың іске қосылуы Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалын арттыруда стратегиялық қадам болып табылады.
– Былтыр біз 4,5 млн тонна жүк тасымалдадық, өсім 60% құрады. Алдағы үш жылда бөл көрсеткішті жылына 10 млн-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Поти терминалы Қытайдан еуропаға жөнелтілетін жүктердің негізгі бөлігін өңдеуге мүмкіндік береді, – деді ол.
Бұл нысанның жұмысының алғашқы экономикалық тиімділігін Қазақстан жартын жылдан соң-ақ сезіне бастайды. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың транскаспий бағытын дамытуға басымдық берілетінін жазған болатынбыз.