Қазақстан Қарулы күштері жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі

0
326

Министрлік қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін де хабарлады.


Қазақстан Қарулы күштері жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің барлық әскери басқару органдары, әскери бөлімдері мен мекемелері жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне жеткізілетінін мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.


“Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады. Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі”, делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылмақ.

Министрлік қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін де хабарлады.

“Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз”, деп хабарлады водомсто баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Президент Қ.Тоқаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басшысын тағайындаған еді.

22 қарашада Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына, барлық құқық қорғау органдарының басшыларына және әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.