Еркеғали Еденбаев қазіргі кезде 5 халықаралық криптоплатформа АХҚО-да лицензиялаудан өтіп жатқанын айтады, оның екеуі әлемнің ең ірі 10 криптобиржасына кіреді.
Фото: Pexels
ERNUR.KZ. Қазақстан халқы әлем бойынша 1 миллион криптоәмиянға ие. Бұл туралы Үкімет отырысында АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті Авторизациялау және қаржы технологиялары кеңсесінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев айтты, деп жазады inform.kz.
— Сарапшылардың дерегінше, қазақстандықтар әлем бойынша 1 миллион криптоәмиянға ие. Бұл жасалатын операциялардың біразы шетелдік платформаларда екенін көрсетеді. Алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі — осы клиенттерді АХҚО-ға көшіру, — деді ол.
Еркеғали Еденбаев қазіргі кезде 5 халықаралық криптоплатформа АХҚО-да лицензиялаудан өтіп жатқанын айтады, оның екеуі әлемнің ең ірі 10 криптобиржасына кіреді.
— Осылайша, мақсат — цифрлық активтерді реттеумен шектелмей, қазақстандықтардың операцияларын қауіпсіз және реттелетін ортаға ауыстыру, — деді АХҚО өкілі.


