Қазақстан халықаралық әуе тасымалын толығымен қалпына келтірді

0
526

Егер пандемияға дейінгі кезеңде 24 мемлекетпен байланыс болса, бүгінде оның саны 27 мемлекетке жетті.


Қазақстан халықаралық әуе тасымалын толығымен қалпына келтірді

ERNUR.KZ. Қазақстан халықаралық әуе тасымалын толығымен қалпына келтірді, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстан COVID-19 індетіне байланысты тоқтатылған халықаралық әуе тасымалын толығымен қалпына келтірді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева.
"Біз халықаралық әуе тасымалы нарығын толығымен қалпына келтірдік. Егер пандемияға дейінгі кезеңде 24 мемлекетпен байланыс болса, бүгінде оның саны 27 мемлекетке жетті", - деді Томпиева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол шектеулерге дейін қазақстандық әуе компаниялары 99 халықаралық бағытты пайдаланғанын, қазір олардың саны 106-ға артқанын атап өтті.
"Бұған дейін аптасына 440-қа жуық рейс орындалса, бүгінде халықаралық бағыттар бойынша аптасына 476 жиілік орындалады", - деп түсіндірді төрағаның орынбасары.
Оның айтуынша, Қазақстан халықаралық рейстер географиясын кеңейтуге тырысып жатыр.
"Біз жаңа рейстерді тұрақты түрде ашып жатырмыз, биыл Италия мен Грекияға тікелей рейстер орындалады. Сонымен қатар біз Пәкістан, Қытаймен рейстерді қалпына келтіруді, сондай-ақ Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы және Германиямен бағыттардың жиілігін арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді Томпиева.