Қазақстан коронавирус инфекциясының 4 толқынын бастан кешірді

0
539

Министр вирус өршіген кезеңде коронавирус инфекциясы штаммының жаңа нұсқасы қайта-қайта пайда бола бергенін, тәулігіне 7 800 адам вирус жұқтырған уақыт тіркелгенін баяндады.


Қазақстан коронавирус инфекциясының 4 толқынын бастан кешірді

ERNUR.KZ. Мәжілістегі үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Министр вирус өршіген кезеңде коронавирус инфекциясы штаммының жаңа нұсқасы қайта-қайта пайда бола бергенін, тәулігіне 7 800 адам вирус жұқтырған уақыт тіркелгенін баяндады.

«КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды дер кезінде жүргізу аурудың таралу қарқынын тежеуге және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етті», – деді Алексей Цой.

Бұдан кейін министр қазір ел өңірлері қандай аймақта тұрғанын еске салды.

«Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары – «сары», Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Шымкент қалалары – «жасыл» Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары – «қызыл» аймақта тұр», – деді Алексей Цой.