Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты.
ERNUR.KZ. Қазақстан коронавирустан өлім жағдайы бойынша әлемде 70-ші орында, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ол еліміздегі жағдай қазіргі таңда әлдеқайда жақсарғанын айтып, медицина саласының екінші толқынға дайындалып үлгергенін жеткізді.
"Қазіргі таңда Қазақстан ПТР тестілеу жүргізу бойынша әлемде 36 орында. Әрине бұл аурудың салмағын өзгертті. Коронавируспен ауырғандар саны көбейгенімен оларды емдеу жақсартылды. Қазір Қазақстан 43 орында. Дұрыс диагностикалау нәтижесінде еліміз өлім саны бойынша әлемде 70 орынға тұрақтады. Мемлекет басшысының қолдауымен, Қазақстан ПТР тестілеу теріс нәтиже көрсетсе де, коронавирус қатарына жататын пневмонияны статистикаға біріктірді", - дейді Алексей Цой.
Естеріңізге сала кетейік, Елде коронавирустан тағы 211 адам көз жұмды. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты.


