Қазақстан бұл келісімді 2001 жылы ратификациялаған.
ERNUR.KZ. Бүгін Мәжіліс депутаттары өнертабыстарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекетаралық құпияның сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданылуын тоқтататын заң жобасын қабылдап, Сенатқа жіберді, деп жазады tengrinews.kz.
Қазақстан бұл келісімді 2001 жылы ратификациялаған. Құжат ТМД құрамындағы мемлекеттерде бар құпия өнертабыстар туралы ақпараттың құпиялылық режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық қорғау және КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру тәртібін белгілеу үшін әзірленген.
Келісімнің маңызы жоқтығына байланысты 2018 жылы ТМД атқарушы комитеті оны тоқтату туралы шешім қабылдады. Үш жылдан кейін тиісті хаттамаға қол қойылды. Депутаттар оны одан әрі ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтынын, республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейтінін атап өтті.
Нәтижесінде мәжілісмендер тиісті заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдады.