Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

0
87

Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 3,9 балл болған.


Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

Скриншот Google Maps

ERNUR.KZ. Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Қырғызстан сейсмология институтының жедел деректері бойынша, 12 қарашада Астана уақытымен 04:13-те Қытай, Қазақстан және Қырғызстан шекарасына жақын аумақта жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 3,9 балл болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда да жер сілкінісі болған еді. 11 қарашада жергілікті уақытпен (Астана уақытымен сәйкес) 22:32-де магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелген. Оның эпицентрі Наманган облысының Қасансай ауданында, 16 шақырым тереңдікте болған. Жер асты дүмпулері Қырғызстанда да сезілген.