Қазақстан Қытаймен әуе қатынасын тоқтатты

0
882

Бүгіннен бастап еік ел арасында жолаушылар тасымалы жүзеге асырылмайды. Бұл шараның нақты мерзімі белгісіз.


Қазақстан Қытаймен әуе қатынасын тоқтатты

ERNUR.KZ. Дүйсенбі, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бұл Қытайдағы эпидемиологиялық жағдаймен байланысты екенін түсіндірді. Әуе қатынасы қай кезде жанданатыны әлі белгісіз, деп жазады sputniknews.kz.

Министрліктің ақпаратында 2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап Алматы – Нұр-Жолы – Үрімжі, Өскемен – Майқапша,ай – Үрімжі, Жаркент – Қорғас – Құлжа, Аягөз – Бақты – Зимунай бағытымен жүретін автобус уақытша тоқталғаны жазылған.

1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жолаушылар пойыздары жүрмейді.

Қытайдың Ухань қаласында коронавирусқа байланысты карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Қазақстан арнайы әуе рейсімен 83 қазақстандық пен 23 шетелдікті елге жеткізді. Арасында Қырғызстан, Армения және Беларусь азаматтары бар.

Қытайға қатынаған әуе компаниялары

Екі ел арасындағы жүйелі рейстерді Air Astana, SCAT (Қазақстан), China Southern Airlines және Air China (Қытай) компаниялары жүзеге асырды. Рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы және Қытайдың Бейжің, Үрімжі, Сиань, Санья, Хайкоу қалалары арасында болатын.

Билетті қалай қайтаруға болады

2020 жылдың 3 ақпанынан бастап жолаушылар билеттерін қайтара алады. Министрлік билет сатып алынған жерде қайтарылатын атап өтті. Айыппұл салынайды. Билет құны толықтай қайтарылады.