Мұндай сабақтар арқылы балаларға жолдағы заңға бағыну мәдениетін үйретуге болады, бұл балалар есейіп көлік жүргізе бастағанда жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.
Фото:depositphotos.com/ blinow61
ERNUR.KZ. ІІМ жол қозғалысы ережелерін оқытуды мектеп бағдарламасына жеке міндетті пән ретінде қосуды ұсынды. Бұл туралы ОҚК брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Сұлтанбаевтың айтуынша, мұндай сабақтар арқылы балаларға жолдағы заңға бағыну мәдениетін үйретуге болады, бұл балалар есейіп көлік жүргізе бастағанда жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.
ІІМ мектеп жасындағы жол инспекторларынан құралған жасақтар жұмысын балалардың жолдарда жарақаттануының алдын алудың қуатты құралы деп санайды.
"Әлемнің көптеген елінде мектеп оқушыларын жол қозғалысы қауіпсіздігіне тарту идеясы білім беру мен қоғамдық мәдениеттің бір бөлігіне айналған. Халықаралық тәжірибе мұндай бастамалардың жол-көлік жарақаттарын азайтып, өскелең ұрпақта азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыратынын көрсетеді", – деді комитет төрағасы.
1 қыркүйек қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерді полицейлермен бірге әр баланың үйден мектепке және кері бағыттағы ең қауіпсіз жолын белгілеуге шақырды.
"Бала мектепке және үйге әрдайым бір ғана ең қауіпсіз бағытпен қатынауы тиіс, оны жатқа білуі қажет", - деді ведомство өкілі.