Қазақстан мен АҚШ мәдени мұраларды сақтау жөнінде уағдаласты

0
1 459

Америка Құрама Штаттарының шетелдегі америкалық мұраны сақтау жөніндегі Комиссиясының төрағасы Пол Паркер Қазақстанға алғаш рет келді


Қазақстан мен АҚШ мәдени мұраларды сақтау жөнінде уағдаласты

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттарының шетелдегі америкалық мұраны сақтау жөніндегі Комиссиясының төрағасы Пол Паркер және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы мәдени мұраны сақтау бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады АҚШ елшілігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Меморандум Америка Құрама Штаттары және Қазақстан аумағында тұратын немесе өмір сүрген барлық ұлттық, діни және этникалық топтардың, сонымен қатар Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі геноцид құрбандарының мұраларын сақтау бойынша бірлесе атқарылатын істің бастамасы болмақ.

Бұл меморандум - мәдени мұраны сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізі және ол екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтады.

«Болашақ ұрпағымыз үшін мәдени мұраларды сақтауды көздеген ортақ ұмтылысымызда бірлесе аламыз деп сенемін», - деген Пол Паркер мырза құжатқа қол қойды.

Америка Құрама Штаттарының шетелдегі америкалық мұраны сақтау жөніндегі Комиссиясының төрағасы Пол Паркер Қазақстанға алғаш рет Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезіне қатысу үшін келді.