Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары комиссияның отырысында қаралды

0
1 617

Қазақстан мен Финляндия үкіметтерінің делегациялары екі елдің екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігінің одан әрі даму мәселелерін талқыланды.


Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары комиссияның отырысында қаралды

Фото: kursiv.kz

2019 жылы 1 наурызда Астана қаласында Қазақстан мен Финляндияның арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 11-отырысы өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы болып табылады. Финляндия Республикасының сыртқы сауда және даму министрі Анне-Мари Виролайнен финляндиялық бөлігіне басшылық етті.
Отырыс барысында Қазақстан мен Финляндия үкіметтерінің делегациялары екі елдің екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігінің одан әрі даму мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, экономика, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс және денсаулық салалары қарастырылды.
Жоғарыда аталған мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында осы іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін кеңейту үшін барынша күш салуға уағдаласты.
Қазақстан мен Финляндия 2018 жылғы сауда айналымының көлемі 265,8 млн. АҚШ долл. құрады. 2005-2017 жыл аралығында Финляндиядан тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 329 млн. АҚШ долл. құрады. Қазақстаннан Финляндияға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 0,5 млн. АҚШ долл. құрады.

ДЕРЕККӨЗ: ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі