Қазақстан мен Қырғызстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатады

0
735


Қазақстан мен Қырғызстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатады

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қырғыз Республикасының Әлеуметтік қоры мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасын орналастырды, деп жазады baq.kz.


Келісімге қол қоюдың мақсаты – азаматтардың Қазақстан мен Қырғызстан заңнамасына сәйкес белгіленген зейнетақыларды бір мезгілде алу фактісін тексеру мақсатында тараптар арасында қорғалған ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасымен мынасілтеме бойынша танысуға болады.