"Росатом" корпорациясының басшысы мәлімдеме жасады.
фото: Sputnik / Илья Питалев
ERNUR.KZ. Петербург халықаралық экономикалық форумында "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Қазақстан мен Өзбекстанда әлемдегі ең үздік АЭС салынатынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Біз Қазақстанмен де, Өзбекстанмен де екі құжатқа қол қойдық. Біз олар үшін ғаламшардағы ең үздік станцияларды саламыз. Қазіргі уақытта олар өзімізге салынып жатқан станциядан да жақсырақ болуы мүмкін", - деді Лихачев.
Бұған дейін форумда Қазақстанның Атом энергиясы агенттігі мен "Росатом" АЭС құрылысы бойынша Жол картасына қол қойды. Болашақ нысан Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.
Кейін "Росатом" Өзбекстанның мемлекеттік кәсіпорны – Атом энергиясы агенттігінің жанындағы АЭС құрылысы дирекциясымен келісімге қол қойды. Құжат "Өзбекстан Республикасында жоғары қуатты атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асырудың негізгі шарттары туралы" деп аталады.