Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын 21 қыркүйектен бастап қалпына келтіреді

0
528

Рейстер өзара негізде аптасына бір рет жиілікпен орындалады.


Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын 21 қыркүйектен бастап қалпына келтіреді

Қазақстан мен Ресейдің уәкілетті құрылымдарының шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рейстер өзара негізде аптасына бір рет жиілікпен орындалады.

Рейстер және билеттерді сату Қазақстан мен Ресей белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, шектеулер алынып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, Ресей тарапы Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.