Қазақстан не себепті +997 телефон кодынан бас тартты

0
586

Мусиннің сөзінше, ведомствоаралық келісімшарт ендігі кезекте үкіметаралық сипатқа ие болады.


Қазақстан не себепті +997 телефон кодынан бас тартты

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады ulysmedia.kz.

– Кодты біз талап етіп, бізге ол берілді. +997 коды бізде резервте тұр. Бірақ біздің азаматтарымыздың шағымын ескере отырып, неге Қазақстан +7 кодынан кетуі керек деген сұрақты қайта қойдық. Өйткені +7 коды бүгінгі таңда тарихқа көз жүгіртсек, совет үкіметі құлаған кезде +7 Ресейде қалды. Содан кейбір мемлекеттер шыға бастады. Бірақ біздің мемлекет Ресеймен ведомствоаралық келісімге келіп, +7-ден кейін +7 Қазақстанда қалды. Бірақ ол құжат ведомствоаралық. Сол құжаттың ішінде “екі жақтың біреуі осы келісімшарттан бас тартамыз десе, жарты жылдан аспай, екінші тарапқа жарты жыл ішінде хабардар етуі керек және шарт бұзылады” деген пунткт бар. Бұл пункт маған ұнамады. Яғни біз кодсыз қалуымыз мүмкін болушы еді, – дейді Бағдат Мусин.

Сол себепті осы мәселені Қазақстан тарапы қайта талқылап, Ресеймен бір мәмілеге келген. Мусиннің сөзінше, ведомствоаралық келісімшарт ендігі кезекте үкіметаралық сипатқа ие болады. Ізінше Қазақстан Парламентінің және Ресей Думасының ратификациясынан өтеді.

– Үшіншіден, “бас тарту” деген пункттер алынып тасталады. Яғни келешекте “бас тартуға” келмейді. Төртіншіден, бізге +77-ні өзімізге қалдырып, мемлекетаралық деңгейде келісімшартта бекітетін боламыз. Яғни азаматтарға ыңғайлы болсын дейміз. Жаңа кодқа ауысамыз десек бізге бір жыл ғана жетеді. Қиын емес. Бірақ 20 млн абонентіміз басқа интернет-платформаларда тіркеген кодтарын жаңарту жұмыстары қиындыққа ұшыратады. Сондықтан, дүниежүзілік мекемеде +997 кодын өзімізге резервке қойдыө. Бірақ +77-ні тәмәмдап, өз кодымыз ретінде қалдыру үшін біз келісімшарт мәселелерін Ресейде талқылап, бір мәмілеге келдік. Қазір мемлекетаралық тиісті процедуралар жүргізіліп жатыр, – дейді ол.