Қазақстандағы өндіріс саласында мұнай-газ және темекі индустриясының жұмысшылары ең жоғары жалақыны алады.
Қазақстандағы өндіріс саласында мұнай-газ және темекі индустриясының жұмысшылары ең жоғары жалақыны алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Олардың орташа айлық жалақысы 700 мың теңгеден асады. Атап айтқанда, мұнай-газ саласында еңбекақы - 716,1 мың теңге болса, темекі өнімдерін шығаратын компания қызметкерлері - 708,1 мың теңге алады. Сондай-ақ, тау-кен өндірісінде техникалық қызмет көрсетуші мамандар да едәуір көбірек (418,7 мың теңге) еңбекақы табады. Тау-кен өндіру және карьерлерді қазу саласында жұмысшылардың орташа жалақысы 366,2 мың теңгені құрайды. Түрлі-түсті металл өндіру саласындағы орташа еңбекақы - 261,4 мың теңге, көмір өндірісінде - 242,6 мың теңге, өңдеу өнеркәсібінде - 172,3 мың теңге, электрмен, жылумен, газбен қамту - 148 мың теңге, сумен қамту және кәріз жүйесінде - 104,9 мың теңге. Жалпы алғанда, өнеркәсіп саласындағы еңбекақы бір жылда 11%-ға өскен.