Жер орбитасындағы ғарыш аппараттарының саны бойынша SpaceX компаниясы көш бастап тұр - 1655 спутник (36%).
ERNUR.KZ. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Жер орбитасында 4550 белсенді спутник болған, деп жазады ҚазАқпарат.
Жер орбитасындағы ғарыш аппараттарының саны бойынша SpaceX компаниясы көш бастап тұр - 1655 спутник (36%).
«Екінші орында 288 спутникпен OneWeb компаниясы, үшінші орында 188 аппаратпен Planet компания» делінген ақпараттық бюллетенде.
Мемлекеттер бойынша АҚШ-тың орбитада спутниктері көп – 2804 ғарыш аппараты. Бұл жалпы спутниктер санының жартысынан көбі.
Екінші орында - Қытай (467), үшінші орында - Ұлыбритания (349), төртінші – Ресей (168).
Қазақстан бұл тізімде алты спутникпен 30-орында. ҚР-ның «Kazsat» екі байланыс спутнигі, «KazEOSat» екі қашықтан зондтау спутнигі мен «KazSTSat» екі ғылыми-технологиялық спутнигі бар.
Төменгі Жерге жақын орбитада 3 мыңнан астам спутник бар – әдетте мұнда байланыс және Жерді қашықтан зондтау спутниктері орналасқан.
Осы жерден Starlink, ХҒС және Хаббл ғарыш телескобын табуға болады.