Қазақстанға Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің агроазық-түлік саудасын арттыруға әлеуеті зор және танымал кәсіпкерлер келді.
ERNUR.KZ. Қазақстанға алғаш рет Еуропалық Одаққа мүше 16 елден агроазық-түлік саласындағы 40-тан астам кәсіпкер келді. Іссапар елдегі агроөнеркәсіп позицияларын нығайтуға бағытталған, деп жазады inform.kz.
Шетелдік бизнес-делегацияны бастап келген еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары Януш Войчеховскидің айтуынша, Азия мен Еуропаның тоғысқан жерінде орналасқан Қазақстан ғасырлар бойы сауда мен транзитті дамытып келеді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктесіне айналды.
«Қазірдің өзінде де, Қазақстан Орталық Азия нарығына шығуға ұмтылатын ЕО азық-түлік және сусын өндірушілері үшін негізгі қақпа. Оған қоса, Қазақстанның өзі ЕО ауыл шаруашылығы экспортының маңызды бағыты. Мәселен, тек 2023 жылы бұл экспорт 702 миллион еуроға жетті. Қазақстан сонымен қатар сауда-экономикалық қатынасты реттейтін ЕО-мен кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (EPCA) қол қойған Орталық Азиядағы ЕО-ның алғашқы серіктесі. Бұл келісім ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік, шарап және спирттік ішімдіктерге арналған географиялық белгілерді (ГБ) қорғау хаттамасы бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздеріміздің негізі», - дейді Януш Войчеховски.
Спикердің сөзінше, Қазақстанға Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің агроазық-түлік саудасын арттыруға әлеуеті зор және танымал кәсіпкерлер келді.
«Бұл жоғары деңгейдегі сапар – біздің Қазақстанмен серіктестігіміз бен екіжақты ауылшаруашылық азық-түлік саудасын одан әрі нығайтуға ниетті екенімізді көрсетеді», - деді ол.