Қазақстан-Өзбекстан шекарасында заттар анықталды

0
174

Көрсетілген Өзбекстан Республикасының азаматшасының айтуынша, ол «тәттілерді» мессенджердегі нұсқау бойынша алған.


Қазақстан-Өзбекстан шекарасында заттар анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында орналасқан Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тәжен» кеден бекетінде шетелдік азаматтардың болжамды есірткі заттарын заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді.

Осылайша, жолаушылар мен көлік ағындарын бақылау барысында кеден бекетінің қызметкерлері шекара нарядымен бірлесіп келесі фактілерді анықтады:
- 2024 жылдың 16 қыркүйегінде қызметтік ит Орал – Хорезм (ӨзР) бағытымен келе жатқан 1998 жылы туған Өзбекстан Республикасы азаматшасының қол жүгін анықтағанда сөмкесінен тәттілер табылды. Сонымен бірге қаптамалардың ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік зат болған. Анықталған заттың жалпы салмағы шамамен 80 граммды құрайды. Көрсетілген Өзбекстан Республикасының азаматшасының айтуынша, ол «тәттілерді» мессенджердегі нұсқау бойынша алған.
- 2024 жылдың 18 қыркүйегінде Орал – Хорезм (ӨзР) бағытымен келе жатқан Өзбекстан Республикасының 1988 жылы туған азаматының багажында 40 литр сұйық зат анықталды – «Ацетон» атауымен белгіленген әрқайсысы 10 литрден 4 канистр. Сонымен бірге, канистрлардың қылталары зауыт-өндірушімен пломба салынбаған. Қолдану барысында арнайы тестілеуші (заттарды есірткіге алдын ала жіктеу үшін) оң нәтиже көрсетіп, табылған зат синтетикалық препараттарды өндіру құралы ретінде анықталды.
Көрсетілген материалдар өндіру мақсатында Бейнеу кентінің аудандық ішкі істер бөліміне берілді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77- бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.