Қазақстан Пәкістанға 600 электрлі автобус жеткізеді

0
112

Екі елдің кәсіпкерлері бизнес-форумда жаңа келісімшарттарға қол қойып жатыр.


Қазақстан Пәкістанға 600 электрлі автобус жеткізеді

фото: Компания FalconEuroBus

ERNUR.KZ. Исламабадта "Қазақстан-Пәкістан" бизнес форумы өтіп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында өтіп жатқан іс-шараға 143 қазақстандық компания мен 180 пәкістандық кәсіпорын қатысуда.

Форумның алғашқы нәтижелерінің бірі – алматылық Falcon eurobus компаниясы мен пәкістандық тарап арасында 600 электрлі автобус жеткізу туралы келісімге қол қойылды.

Бірінші партия биыл сәуірде жөнелтіледі деп жоспарлануда. Коммерциялық келісімшарттың жалпы құны – 108 млн доллар. 2027-2028 жылдарға қарай компания Пәкістанға автобус экспортының көлемін 2000 бірлікке дейін ұлғайтуға ниетті.

"Біз автобустардың толық өндірістік циклін жүзеге асырамыз. Бүгінгі "Қазақстан-Пәкістан" бизнес форумы аясында біз үшін ірі нарыққа шығуға жол ашылды. Осы келісімге сәйкес біз жолаушылар тасымалы үшін 600 электрлі автобус жеткіземіз. Сонымен қатар B2B-кездесулер барысында Пәкістан білім министрлігінің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, оқушыларды тасымалдау үшін 2 000 автобус жеткізу перспективалары туралы келістік", - деді компания басшысы Мұрат Әділханов.

Қазақстанның электрлі автобусына Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістан және басқа да мемлекеттерден сұраныс артып отыр.