Қазақстан шекарасында ресейліктен 600 sim-карта мен хабарлама таратуға арналған құрылғы табылды

0
553

"Ауди" автокөлігін тінту кезінде бірқатар байланыс құралы анықталды.


Қазақстан шекарасында ресейліктен 600 sim-карта мен хабарлама таратуға арналған құрылғы табылды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қысқа хабарлама таратуға арналған құрылғы мен 600-ден аса sim-картаны заңсыз жолмен алып өтпек болған ресей азаматын ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, күдікті Ақтөбе облысының "Әлімбет" автокөліктік өткізу пунктінде ұсталған. "Ауди" автокөлігін тінту кезінде бірқатар байланыс құралы анықталды.

"Тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық "Sim-box" кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобильді байланыс операторларының sim-карталары табылды", - делінген ақпаратта.