Қазақстан шығарған вакцинаны ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

0
713

Жалпы тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енген.


Қазақстан шығарған вакцинаны ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. Бұл туралы ДДСҰ ресми сайтында жарияланды, деп жазады 24.kz.

Ал жалпы тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енді. Деактивацияланған вирусы бар Қазақстан вакцинасы клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұрғанын кестеден көруге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия және Канада сынды елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.