Локомотивтердің ең көп саны Қандыағаш және Жем локомотив деполарына берілді — әрқайсысына 17 бірліктен.
фото: "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы
Локомотивтердің ең көп саны Қандыағаш және Жем локомотив деполарына берілді — әрқайсысына 17 бірліктен. Тағы 9 локомотив Ақтоғай локомотив депосына, 6 локомотив Астанаға және 1 локомотив Балқаш локомотив депосына жеткізілді.
"2026 жылдың басынан бері барлығы 134 бірлік жаңа тартушы жылжымалы құрам жеткізілді. Олардың қатарында Wabtec және CRRC магистральдық тепловоздары, Alstom электровоздары, сондай-ақ CRRC маневрлік тепловоздары бар. Жаңа локомотивтер Астана, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Мақат, Екібастұз, Жем, Қандыағаш, Ақтоғай және Балқаш локомотив деполарында пайдаланылып жатыр", - дейді ҚТЖ.
Локомотив бригадалары үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлінген. Кабиналар заманауи климаттық бақылау жүйелерімен, тоңазытқыштармен, тамақты жылыту құрылғыларымен, машиниске арналған эргономикалық орындықтармен және жеке заттарды сақтауға арналған орындармен жабдықталған.


