Жаңа бірлескен кәсіпорынның жұмысы Солтүстік – Оңтүстік бағытын дамытуға, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейтуге, сауда хабтарын құруға бағытталатын болады.
ERNUR.KZ. ҚТЖ" ҰК" АҚ және AD Ports Group бірлескен кәсіпорын құру туралы шартқа қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
Құжатқа Дубай қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында қол қойылды. Жаңа бірлескен кәсіпорынның жұмысы Солтүстік – Оңтүстік бағытын дамытуға, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейтуге, сауда хабтарын құруға бағытталатын болады.
"ҚТЖ және AD Ports Group ынтымақтастығы Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға, экспорттық бағыттарды ұлғайтуға және Араб шығанағы елдерінде қазақстандық тауарлар нарығын құруға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.


