Қазақстан теннисшісі Варшавадағы турнирде финалға шықты

0
735

Екінші сетте Данилина мен Фридзам қарсыластарын таза жетті. Есеп – 6:0.


Қазақстан теннисшісі Варшавадағы турнирде финалға шықты

ERNUR.KZ. Анна Данилина неміс теннисшісі Анна-Лена Фридзаммен бірге Варшавада өткен турнирдің жартылай финалында Мая Хвалинскі (Польша)/Джессика Малечкова (Чехия) жұбын ұтып кетті, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірінші партияның шешуші сәті тай-брейкте орын алып, 7:6(7:3) есебімен қазақстандық-неміс жұбы пайдасына шешілді. Екінші сетте Данилина мен Фридзам қарсыластарын таза жетті. Есеп – 6:0.

Алда BNP Paribas Poland Open жарысының бас жүлдесі үшін Данилина / Фридзам Катаржина Кава (Польша)/Алисия Росольска (Польша) жұбымен бақ сынасады.