Қазақстан Халықаралық теннис федерациясындағы өзінің дауыс санын көбейтті.
ERNUR.KZ. Халықаралық теннис федерациясының жыл сайынғы жалпы жиналысында 200 ұлттық делегация өкілдері Қазақстан рөлін нығайту мәселесі бойынша дауыс берді. Шешім басым көпшілікпен – 91 пайыз дауыспен қолдау тауыпты. Қазақстанға дауыс саны 12-нің ішінен жетіден тоғызға дейін ұлғайтылды. Бұл – алты деңгейдің ішінен екінші нәтиже.
Елдер мынадай қағидалар бойынша бөлінеді: 5 елдің 12 даусы, Қазақстанмен бірге 15 елдің 9, 10 елдің 7 даусы бар. Енді біздің еліміз ITF-қа ықпалы жөнінен Италия, Чехия, Канада, Испания, Швеция, Швейцария, Қытай, Жапония және басқа елдермен бір қатарда. ITF-қа кіретін елдердің дауыстары шешім қабылдаған кезде әлемдегі теннистің дамуына ықпал етеді.
Осылайша, Қазақстан теннистің жалпы даму деңгейі жөнінен әлемдегі 10 елдің қатарына ресми түрде енді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 17,5 мыңнан астам бала тенниспен тұрақты айналысып, турнирлерге қатысуда. Елде жыл сайын 250-ден астам, соның ішінде 40-тан астам халықаралық жарыстар өткізіледі.